Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы

Информация

Ереже

«Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік  мекемесі Қарағанды облысындағы өнеркәсіп салалары, индустриялық-инновациялық саясат, өнеркәсіп саласындағы инвестициялар, кәсіпкерліктің жеке түрлерін лицензиялау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік  мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области».
10. Осы Ереже «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджетінен жүзеге асырылады.
12. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Миссиясы: «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өнеркәсіп салалары, индустриялық-инновациялық саясат, өнеркәсіп саласына инвестициялар тарту, кәсіпкерліктің жеке түрлерін лицензиялау саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға құзыретті мемлекеттік орган болып табылады.
14. Міндеттері:
1) Қарағанды облысының тау-кен металлургиялық саласын дамыту;
2) Қарағанды облысының химия өнеркәсібін дамыту;
3) Қарағанды облысының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;
4) Қарағанды облысының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту;
5) Қарағанды облысының машина құрылысын дамыту;
6) Қарағанды облысының жеңіл өнеркәсібін дамыту;
7) жүйеқұрушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларында қазақстандық қамту үлесін арттыру;
8) инвестициялық өнеркәсіптік жобаларды іске асыру және өндірістерді жаңғырту;
9) республикалық және өңірлік даму институтаттарымен өзара іс – қимыл ұйымдастыру;
10) өңірдің өнеркәсіп саласына инвестицияны экономиканың басым салаларын дамытудың маңызды көзі ретінде тарту;
11) Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіпке жасалған инвестицияларды талдау.
15. Функциялары:
1) «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысандар бойынша және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізімге сәйкес ұйымдардың сатып алуларында қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретті органға ұсынуды іске асыру;
3) облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру;
4) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтарын және қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметін жүзеге асыруды лицензиялау;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге шарттарды жасау, тіркеу және сақтау;
6) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаттарды беру, сонымен қатар кең таралған пайдалы қазбалар бойынша кепілге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша мәмілені тіркеу;
7) жер қойнауын пайдаланушылармен шарттардың талаптары бойынша келіссөздерді жүргізу және жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жобалық құжаттарды дайындау;
8) облыс аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
9) өз құзыреті шегінде өңірлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және орындау;
10) сараптау кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;
11) жеке және заңды тұлғаларға Қарағанды облысының даму институттарына белгіленген талаптарға сәйкес жобаларды ресімдеуге және ұсынуға көмек көрсету;
12) өнеркәсіпке жасалған инвестициялар бойынша мониторинг жүргізу;  
13) жергілікті атқарушы билік деңгейінде шетелдік және отандық инвесторлардың инвестициялық қызметтерін қолдауды қамтамасыз ету;
14) облыс үшін басым инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан заңды тұлғаларға инвестициялық жеңілдіктерді алуға көмек көрсету;
15) техногендік минералдық түзілімдерден кең таралған пайдалы қазбаларды алуға шарт жасау бойынша жұмыс органы болып саналады;
16) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға құқығын беру бойынша жұмыс органы болып саналады;
17) конкурс негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша жұмыс органы болып саналады;
18) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау бойынша жұмыс органы болып саналады;
19) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру бойынша жұмыс органы болып саналады;
20) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру бойынша жұмыс органы болып саналады;
21) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне сервитут құқығын беруге жұмыс органы болып саналады;
22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге құзыреттерді іске асыру.
16. Құқықтары және міндеттері:
1) «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар) әкімдіктер жұмысын үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялар жинақтарына иелік ету, қолдану бойынша құзыреттерді іске асыру және басқару, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік басқару органы болуға;
3) «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамамен жүктелген өзге құзыреттерді іске асыру.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды облысының  әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды облысы басшылығымен келісіліп, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарының және құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді және марапаттайды;
4) «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын өз өкілеттіліктері шегінде қамтамасыз етеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды орындау үшін дербес жауапты болады;
8) Қарағанды облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Размещение информации: 07 Декабря 2015 15:25
Последнее редактирование информации: 21 Апреля 2017 16:53


Опрос

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
© 2015 ГУ «Управления Промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»