Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы

Информация

2017 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Сәтбаев қаласы әкімінің қызметі туралы есебі

     2017 жылы қаланың жергілікті мемлекеттік органдарымен мемлекеттік тізілімге кірген 88 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. 2017 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызмет саны 31403, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы – 8335 немесе 2016 жылға қарағанда 102,1%, ЭҮП арқылы – 5345, 2016 жылдан 2,8  есе көп. 

2017 жылы мемлекеттік орган арқылы ең көп қызмет саны білім және жұмыспен қамту бөлімдерімен көрсетілді, олардың ішінде ең талап етілген қызметтер:

- "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"-2662 қызмет;

- "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" - 2523 қызмет;

- "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" - 2300 қызмет;

- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» - 1808 қызмет;

- «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» - 1981 қызмет;

- «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу» - 1375 қызмет.

Бекітілген стандарттарға сәйкес 88 мемлекеттік қызмет ішінен 47 мемлекеттік қызмет қағазды түрде немесе электронды түрде көрсетіле алады, 41 мемлекеттік қызмет тек қағазды түрде, 8 мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі (мемлекеттік баж), 80 қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу туралы халықты ақпараттандыру үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық мемлекеттік мекемелерде азаматтарды қабылдау үшін жағдай жасалды, «Электрондық үкімет» Egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызмет алуға тәжірибелік көмек үшін өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.

         Қызмет алушыларға бірнеше жерден мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат қолжетімді:

1. Мемлекеттік мекемелерде орнатылған ақпараттық стендтер, инфографика

2. Үйрететін және ақпараттық бейнероликтерді қалалық «СТА» телеарнасында, қаланың 39 мекемелерінде және ұйымдарында көрсету.

3. Халық үшін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

4. ХҚКО бөлімінде орналастырылған мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтары.

5. Мемлекеттік мекеме мамандарының кеңесі.

6. БАҚ-тағы басылымдар мен сөз сөйлеулер – бардығы 30 басылым, сөз сөйлеу және сұхбат.

7. Қала әкімі аппаратының ресми сайтындағы және мемлекеттік мекемелер сайтындағы жарияланымдар – барлығы 28    материал.

8. Брошюралар мен флаерлерді тарату.

9. Қаланың орталық көшелерінде баннерлерді орнату.

Мемлекеттік мекеме сайттанрында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері орнатылды. Стандарттарды өзгерту кезінде мемлекеттік қызметтер стандарттар жобаларын көпшілік алдында талқылау мақсатында ресми сайтта жаңа стандарттар жобасы орнатылады.

Мемлкеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігіне және сапасына бақылауды жүзеге асыру мақсатында ЖАО-да Сәтбаев қаласы әкімінің 2016 жылғы 23 желтоқсанындағы №119ө өкімімен 2017 жылға арналған қала мемлекеттік мекемелерінде және оның құрылымдық бөлімшелерінде ішкі бақылау жүргізу бойынша бақылау іс-шаралар жоспары бекітілді. Ішкі бақылаумен балығы 51 мекеме немесе жоспарға 100%, сонымен қатар 10 мемлекеттік мекеме және 41 ведомстволық бағынышты ұйымдар қамтылды.

Мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің, Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандырының және қызығушылық танытқын сыртқы ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер ргеламенттері мен стандарттарын үйрену бойынша дөңгелек үстелдер және 6 семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің анықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отырады.  Қала мекеме басшыларымен 2 кеңейтілген жиналыс, мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнамалар ережесін және нормаларын түсіндіру бойынша бөлім мамандарымен 22 үйрету семинары өткізілді. Облыс әкімдігі өкілдігінің қатысуымен 1 дөңгелек үстел және 4 үйрету семинары өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкрлердің біліктілігін көтеру мақсатында есептік кезеңде 27 адам Қарағанды облысы бойынша Аймақтық оқыту орталығында оқытылды.

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің 3 бұзылуына жол берілді, оның ішінде 1 – «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ АХАТ бөлімінде, 2 – «Сәтбаев қаласының жәр қатынастар бөлімі» ММ-де (жауапты мамандарға тәртіптік жаза қолданылды). Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

     Барлық мемлекеттік мекеме өз жұмыстарында заңдағы және заңға сәйкес актілердегі барлық  өзгерістерді санай отырып, қазіргі заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық  процесі бекітілген стандарттар мен регламенттерге, бекітілген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.  

2018 жылы қаланың барлық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады..  Мемлекеттік қызмет көрсететін 5 маманды бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша Аймақтық оқыту орталығында оқыту жоспарда бар. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинарлардың, кездесулер мен дөңгелек үстелдердің өтуі, қалалық газеттердегі жарияланымдар мен телекөрсетілімдегі сұхбаттар жалғастырылады. Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, қосымша өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу, электрондық ммлекеттік қызмет санын көтеру жоспарланды.

 

 

  Сәтбаев қаласының әкімі                                                А.А. Ыдырысов


Размещение информации: 05 Марта 2018 13:50
Последнее редактирование информации: 05 Марта 2018 14:12


Опрос

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
© 2015 ГУ «Управления Промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»