Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы
Информация

ЭЦП-ны алу тәртібі

Қазақстанда ЭСҚ қалай алуға болады
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен адамдардың өмірі жеңілдеп келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Көптеген функциялар автоматтандырылған, сондықтан адамдардың өздері істеген көптеген функцияларды қазіргі таңда компьютер орындайды.  Қазақстанның мемлекет ретінде бір орында тұрмай, осы бағытта дамып келе жатқаны аса қуанышты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы маңызды жобалардың бірі Электрондық үкімет Порталы болып табылады. Аталған ресурстың көмегімен көптеген операцияларды жүзеге асыруға болады, олар: мекенжай анықтамасын алу, жүргізушілер көлігін алу, ЖК тіркеу, жұмысссыздарды есепке қою және тағы басқалар.
Қарапайым азаматта адамды қалай  сәйкестендіретіні, басқа азамат емес, Сіз екеніңізді куәландыру үшін құжаттарға кім қол қоятыны туралы орынды сұрақтар туындайды. Осы мақсаттар үшін электрондық сандық қолтаңба, қысқаша ЭСҚ әзірленген. ЭСҚ қойылған құжаттар қаламмен қол қойылған құжаттармен бірдей заңды күші бар және тең құқылы.

Электрондық сандық қолтаңба алу тәсілдері
ЭСҚ екі тәсілмен алуға болады: «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорацияға» тікелей немесе интернет желісіне қосылған өзіңіздің компьютеріңізден онлайн  өтінім жасауға болады. Екінші тәсілінде де  ҚР ЭСҚ  активтендіру және алу үшін «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорацияға» өту қажет болады.
Егер компьютермен шамаңыздан тыс проблемалар туындап жатса, Сізге жақын орналасқан  «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорацияға» өтініш білдіруге тура келеді, онда Корпорация қызметкерлері Сізге кеңес беріп, міндетті түрде, ЭСҚ алуға көмек көрсетеді. Сізге ЭСҚ қай түрде алу ыңғайлы екенін ғана шешу қажет: ақпарат тасымалдаушыда ма (флешка, компакт диск) немесе азаматтың жеке куәлігінің чипінде ме. Соңғысы Сізге электрондық қолтаңбаңызды үнемі бірге алып жүру артықшылығын береді, алайда ол үшін Сізге арнайы карт-ридер (компьютерлік дүкендерде сатылады) сатып алу қажет.
ҚР ЭСҚ алу бірнеше қадамдардан тұрады:
1. компьютеріңізге Java бағдарламалық қамтуды орнату;
2. онлайн өтінім беру; egov.kz электрондық Үкімет сайтында;
3. онлайн-өтінімді растау және ЭСҚ алу.
Java жүктеп алу (кез келген іздеу жолағында «Java жүктеу» сауалы бойынша – бірінші сілтеме) және орнатушының сауалына «Далее» («Одан әрі») немесе «Next»деп жауап беру қажет. Келесі қадамға тек Java сәтті орнатылғаннан кейін ғана кірісуге болады.
Келесі қадам қажетті деректерді толтырып жеке тұлғалар үшін және заңды тұлғалар үшін pki.gov.kz сайтына онлайн өтінім беру.

Өтінім бергеннен кейін Сізге бір ай ішінде жергілікті«Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорацияға» электрондық сандық қолтаңба алуды куәландыру үшін бару қажет. Құжаттардан Сізде жеке куәлігіңіз және өтінім номерімен және алушының қолы қойылған толтырылған өтініш болуы қажет.
Қорытындысында, ЭСҚ әрекет мерзімі -  бір жыл екенін атап өту қажет,  келесі жылы осы үдерісті қайта орындау керек.


 


Размещение информации: 13 Февраля 2017 10:45
Последнее редактирование информации: 13 Февраля 2017 11:57


Опрос

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
© 2015 ГУ «Управления Промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»