Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы

Информация

2016 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы

Қосымша

2.1.тармақ  Өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс орындары сақтау және өткізу нарығын қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде өңіраралық кооперацияны пайдалану жолымен  шараларды қолдану
Ағымдағы жылдың қаңтар – тамыз айларында облыс бойынша өндіріс көлемі 1 185,4 млрд. теңгені, НКИ – 103,1% құрайды.
Темір кенін өндіру 7,5%-ға, түсті металл кендерін өндіру – 2,0%-ға, тау кен – өндіруші өнеркәсіп саласында техникалық қызметтер көлемі – 40,2% -ға артты.
Өңдеуші өнеркәсіпте өндіріс көлемі 942,1 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 105,5% құрайды.
Өңдеуші өндіріс арасында тамақ өнімдерінің өндірісінде (0,7%-ға), фармацевтикада (12,0%-ға), қара металлургия өндірісінде (7,5%-ға), түсті металлургия өндірісінде (3,0%-ға), машина жасау саласында (84,0%-ға) өсу байқалды.
2016 жылдың 1 сәуірінде темір кенін өндіру және концентрат шығару бойынша «Bapy Mining» ЖШС қызметі жандандырылды.   
А.ж. 1 мамырында Абыз кенішінде мысты – пирит кенін өндіру бойынша жұмыстар басталды.
А.ж. екінші жарты жылдығынан бастап Жыланды кен орны тобының «Шығыс Сары-Оба» шахтасында мыс кенін өндіру және Жаман-Айбат кен орнында «Жомарт» кенішінің екінші кезегінің құрылысын салу бойынша жұмыстар басталды.
Жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайтын көмірді байыту бойынша байыту фабрикасы пайдалануға қабылданды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 2016 жылдың 8 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шойын өндірісі – 6,7 %-ға, болат өндірісі – 14,4%-ға, жалпақ илек өндірісі – 13,1%-ға артты.
Болат өндірісін арттыру бойынша жоба аясында ағымдағы жылдың IV тоқсанында №4 домна пешін қайта құруды аяқтау және пайдалануға қабылдау жоспарланған.
Тамызда «АМТ» АҚ КД Ленин атындағы және «Саранская» шахтасының алаңшаларында көмір қабаттарының шығуын барлау бойынша жұмыстар басталды, күтілетін өндіру мерзімі – 2016 жылдың қазан – қараша. 
Ағымдағы жылы «Шахтинская» шахтасына 17 млн. тоннадан астам қорымен №5/15 кесіп берілген резевті алаңшасына жер қойнауын пайдалану құқығы алынды. 
«Шұбаркөл көмір» АҚ-да 2015 жылғы – 10 053 мың тонна дерегіне қарсы                     9 100 мың тоннаны өндіру күтілуде (өткізу нарығының болмауына байланысты).
А.жа. қаңтарында Шұбаркөл көмір кен орнында қуаттылығы жылына 7,5 млн. тоннаны  құрайтын жоғары сапалы сұрыпты көмір өндіру бойынша   жаңа кәсіпорын «Шубарколь Премиум» ЖШС пайдалануға қабылданды.
Жылдың басынан «Гефест» компаниялар тобының «Батыр» ЖШС-нің ашық тау кен жұмыстары учаскесінде көмір өндірісі басталды.
Шілдеде «Kaz Феррит» ЖШС компаниясымен әлемдік стандарттарға және «жасыл» экономика қағидаларына сәйкес келетін көмір байыту бойынша жаңа фабрика пайдалануға қабылданды.
Электр энергиясын тасымалдау бойынша қызметтер мен магистральді теміржол желісі қызметтеріне тарифтерді уақытша төмендетуге мұқтаж өнеркәсіптік кәсіпорындардың тізбесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда келесі кәсіпорындар уақытша төмендетілген  коэффициент алды:
- «Тау-Кен Темир» ЖШС (электр қуатын 1 кВт/сағ үшін 6,40 теңге бағамен жеткізуге «Тау-Кен Темир» ЖШС және «Б.Нұржанов атындағы Экибастузская ГРЭС-1» ЖШС-мен 2016 жылға шарт жасасты);
- «Теміртау электр–металлургиялық комбинаты» АҚ (электр қуатын 1 кВт/сағ 7 теңге бағамен  жеткізуге «ТЭМК» АҚ мен «Экибастузская ГРЭС-1» ЖШС-мен 2016 жылға шарт жасасты, «ТЭМК» АҚ мен «KEGOK» АҚ-мен  электр қуатын 1 кВт/сағ  2,02 теңге бағамен жеткізу бойынша 2016 жылға шарт жасасқан);
- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (электр қуатын 1 кВт/сағ үшін 7 теңге бағамен жеткізуге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Экибастузская ГРЭС-1» ЖШС-мен шарт жасасты, жүктерді тасымалдау кезінде магистральді теміржол желілерінің қызметтері тарифтеріне уақытша төмендетілген коэффициент алды),
- «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ («Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ және «Казақстан Темір Жолы» АҚ, сонымен қатар  «ИстКомТранс»  ЖШС арасында жүктерді тасымалдау кезінде магистральді теміржол желілерінің қызметтеріне 2016 жылға шарт жасасты)  .
- «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС (жүктерді тасымалдау кезінде магистральді теміржол желілерінің қызметтері тарифтеріне уақытша төмендетілген коэффициент алды);
- «Бапы Майнинг» ЖШС (жүктерді тасымалдау кезінде магистральді теміржол желілерінің қызметтері тарифтеріне уақытша төмендетілген коэффициент алды).
Өңіраралық сауда байланыстары мен кооперацияны дамыту мақсатында облыс Әкімдігі осы бағытта кешенді жұмыс атқаруда.
1. Өнеркәсіптің негізгі салалары бойынша Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің тізімі облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктеріне Өңіраралық сауда байланыстары мен кооперацияны дамыту мүмкіндігін қарастыру үшін жолданды.
Сонымен қатар облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындарының 2016 жылға арналған сатып алу жоспарлары облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктеріне еліміздің өндірушілуре есебінен жүйеқұрушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамту үлесін арттыру мүмкіндігін қарастыру үшін жолданды.
2. 2014 жылдың 7 қарашасында Қарағанды қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ делегациясының Қарағанды облысының құрылыс индустриясы кәсіпорындарының басшыларымен бірінші кездесу өтті.
Осы кездесу аясында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға және біріккен іс – шаралар Жоспарына қол қойылды.
Өзара ынтымақтастық туралы жасасқан келісімшарт аясында 2015-2016 жылдарда өзара тиімді ынтымақтастықты қарастыру бойынша Қарағанды облысының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  және өңірдің тауарөндірушілері арасында Қарағанды облысының аумағында, сонымен қатар ЭКСПО құрылыс алаңшаларында 6 кездесу ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысының 23 кәсіпорындарымен жалпы сомасы 9,1 млрд. теңгеге келісімшартқа қол қойылды.
3. Инвестициялық және инновациялық қызметті жандандыру мақсатында 2016 жылғы 27 сәуірде орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық және шетелдік компаниялар, даму институттары  өкілдерінің, кәсіпорындар, бизнес – қауымдастықтар, облыстық құрылымдар басшыларының қатысуымен «Karaganda Invest - 2016» IV Халықаралық инвестициялық форум өтті, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары арасында өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
4. Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен 13 сәуірді қоса алғандағы кезеңде өңіраралық бірігуді дамыту және қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында менің басшылығымен Қарағанды облысындағы тауар өндірушілердің Батыс Қазақстан (БҚО) және Атырау облыстарына сапары ұйымдастырылды.
Делегацияның құрамына өнеркәсіптің түрлі салаларындағы өңірдегі 20 кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері енді.
БҚО бойынша жұмыс сапары барысында Қарағанды өңірінің кәсіпорындары үшін Қарашығанақ қайта өңдеу кешенін және Ақсай қаласына газдарды кешенді әзірлеу қондырғыларын аралау ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Қарағанды облысының делегациясы мен «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б. В.» (КПО) компаниясы басшылығының кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қаршығанақ кен орнын кеңейту жобасы, сонымен қатар КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту және сатып алу үдерісі бойынша талаптар мәселелері бойынша саясаты таныстырылды.
Өз кезегінде, «СП «Оптим-Кран Казахстан» ЖШС, «ИзоПлюс Центральная Азия» ЖШС, «Завод КазАрматура» ЖШС және басқа қарағандылық кәсіпорындар КПО нысандарына өнімдерін жеткізу үшін мұнай – газ компаниясының басшылығына шығаратын өнімдер желісін таныстырды.
Сонымен қатар сату нарығын кеңейту мүмкіндігін қарастыру үшін өңір кәсіпорындары Орал қаласының «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ, «КазАрмапром» ЖШС, «Уральский механический завод» ЖШС және «Уральский трансформаторный завод» ЖШС сияқты бірқатар ірі өнеркәсіптік нысандарына барды.
Сапар қорытындылары бойынша Қарағанды облысының делегациясының, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Орал қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қатысуымен мәжіліс өтті. 
Мәжіліс барысында өңіраралық бірігу мәселелері талқыланып, Батыс Қазақстан облысының Машина жасау Консорциумының сатып алу жоспарлары және «Ютария LTD» ЖШС, «Sunpaper» ЖШС және «Учебный Центр Промышленных Технологий» ЖШС сияқты қарағандылық кәсіпорындары таныстырылды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыс сапарын аяқтағаннан кейін Қарағанды облысының делегациясы Атырау өңіріне бағыт алды.
Бағдарлама аясында делегация «Атырау Нефть и Газ» 15-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесіне барды.
Көрме барысында Қарағанды облысының тауар өндірушілеріне ірі отандық мұнай – газ компанияларымен, сонымен қатар таяу және қашық шетелдердің компанияларымен келіссөздер жүргізу мүмкіндігі ұсынылды. 
Сонымен қатар Атырау облысының  Норт Каспиан Оперейтинг Компани (Қашаған кен орнын игеру), «Эмбамунайгаз» АҚ, «Матен Петролиум» БК, «ЖигерМунайСервис» ЖШС және  «Атыраунефтьмаш» ЖШС сияқты жүйеқұрушы кәсіпорындарын және жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарын аралау ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Атырау және Қарағанды облысының әкімдіктері өңірлердің тауар өндірушілері арасында В2В форматында «Келіссөз алаңшасын» ұйымдастырды.
«Келіссөз алаңшасына» Атырау облысының «Тенгиз Шевройл» ЖШС, «АНПЗ» ЖШС, Консорциум Искер, «КазМунайГаз - Бурение» ЖШС сияқты 20 астам ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Қарағанды өңірінің тауар өндірушілеріне келіссөздер алаңшасы аясында өз өнімінің көптеген әлеуетті тапсырыс берушілерімен келіссөз жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Компаниялар тәжірибелерімен, байланыс деректерімен, тарату материалдарымен алмасып, сонымен қатар өзара тиімді ынтымақтастық бойынша алдын ала келісімдер жүргізді.
Сапар соңында Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында қорытынды мәжіліс өтті.  
Осы мәжіліс аясында Қарағанды және Атырау облыстары арасында өзара ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды.
Батыс Қазақстан (БҚО) және Атырау облыстарына сапар қорытындылары бойынша Қарағанды облысының 14 өндірушілері 2,1 млрд. теңгеден астам сомаға мұнай – газ компанияларымен келісімшарттар жасасты. 
5. Ағымдағы жылдың 1 маусымында өңіраралық сауда қатынастарын дамыту және отандық өндірушілерді қолдау  аясында Қарағанды облысы әкімі орынбасарының басшылығымен Алматы қаласында Қарағанды облысы тауар өндірушілерінің орынға шығуы ұйымдастырылды.
Делегацияның құрамына өңірдің түрлі өнерәсіп салаларының 40-тан астам кәсіпорындарының өкілдері мен басшылары енген.
Сапар бағдарламасының басында Қарағанды облысының делегацияның, Алматы қаласы әкімдігінің және ірі сауда желілері мен Алматы қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының қатысуымен мәжіліс өтті.
Мәжіліс  аясында өңіраралық ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды, Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуеті таныстырылды, Алматы қаласының сауда желілерінен отандық тауар өндірушілер үшін шеберлік – сабақтары  өткізілді және Өңіраралық ынтымақтастық пен өңірлер арасында өнеркәсіптік кооперация жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар өткізу нарығын кеңейту мүмкіндігін қарастыру үшін облыс кәсіпорындары Алматы қаласының «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Алматинские электрические станции» АҚ, «Алматинские тепловые сети» ЖШС  және «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС сияқты бірқатар ірі нысандарды аралап өтті.
Аралау барысында Алматының коммуналдық кәсіпорындарының басшылары делегация қатысушыларына өндірістік үдерістертерді көрсетіп, коммуналдық нысандарға қызмет көрсету үшін қажетті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге тұтынушылықпен таныстырды. Өз кезегінде, Қарағанды облысының өндірушілері өздерінің бос қуаттылықтары есебінен осы тұтынушыларды алмастыру жөнінде өз ұсыныстарын ұсынды.
Жұмыс сапарының аяғында Қарағанды облысының тауар өндірушілері және Алматы қаласынан әлеуетті тапсырушылары арасында «Келіссөз алаңшасы» ұйымдастырылды.
Осы іс – шараға Алматы қаласының өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарының 40 астам өкілдері, әлеуметтік нысандарының құрылысын жүргізіп жатқан бас мердігерлер, Алматы қаласының Құрылыс басқармасының және  Энергетика мен коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты. 
Қарағанды өңірінің тауар өндірушілері үшін келіссөз алаңшасы аясында өз өнімдерінің әлеуетті тапсырушыларымен келіссздер жүргізуге, тәжірибемен, байланыс еректерімен, тарату материалдарымен алмасуға, сонымен қатар өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде алдын ала келіссөздер жүргізуге мүмкіндік туды. 
Жұмыс сапарының қорытындылары бойынша Қарағанды облысының кәсіпорындары Алматы қаласына жалпы сомасы 17,8 млн. теңгеге өнім жеткізді.
Сонымен қатар Қарағанды облысының және Алматы қаласының әкімдіктері арасында өңіраралық кооперацияны  және қазақстандық қамтуды дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.
Өңірлердің кәсіпорындары арасында ынтымақтастық орнату мәселесін бақылауға алынған және түрақты монитринг жүргізіледі.
Облыс кәсіпорындарына еліміздің оңтүстік өңірлерінің нарығын игеруге және нығаюына жан – жақты қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың ақпанында жүйеқұрушы кәсіпорындармен және Қарағанды облысының ірі кәсіпорындарымен жергілікті қамтуды дамыту бойынша жалпы сомасы 52,2 млрд. теңгеге 8 Меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылдың басынан қол қойылған Меморандумдар аясында отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 57,5 млрд. теңгеге  келісімшарт жасасты (орындалуы – 110,1%).

Қарағанды облысынан Кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 1463,4 млрд. теңгеге, 11607 жаңа жұмыс орындарын құрумен 97 жоба енгізілді.   
Соның ішінде республикалық Картаға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жобасы енген. 2015 жылы Үйлестіру кеңесімен республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін 2 жоба ұсынылды («Караганда CCI» ЖШС, «КЗКС» ЖШС).
Өңірлік картаға - жалпы құны 456,8 млрд. теңгеге, 8573 жаңа жұмыс орындарын құрумен  94 жоба енген.
Карта аясында бүгінгі таңда 174,9 млрд. теңге сомасына 72 жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорындарда 5373 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру облыста машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК саласында жаңа  өнім түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. 
2010 жылдан бастап 2016 жылдың шілдесіне дейін Картасының іске қосылған жобаларымен 382 млрд. теңгеге, соның ішінде 2016 жылдың 8 айында – 90,9 млрд. теңгеге өнеркәсіптік  өнім өндірілді.
- 2010 ж. – 3,5 млрд. теңге (808 жұмыс орны);
-  2011 ж. – 22,4 млрд. теңге (1214 жұмыс орны);
- 2012 ж. – 37,1 млрд. теңге (935 жұмыс орны);
- 2013 ж.– 63,8 млрд. теңге (455 жұмыс орны);
- 2014 ж. – 73,1 млрд. теңге (1184 жұмыс орны);
- 2015 ж – 91,2 млрд. теңге (649 жұмыс орны);
- 2016 ж қаңтар – тамыз –  90,9 млрд. теңге (128 жұмыс орны).
Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2015-2019 жылдарда облыста жалпы сомасы 1,3 трлн. теңгеге, 7011 жаңа жұмыс орындарын құрумен 39 жобаны іске қосу жоспарланған, соның ішінде өңірлік картаға – 333,8 млрд. теңгеге 3977 жаңа жұмыс орындарын құрумен 36 жобаны іске қосу жоспарланды. 
Соның ішінде ағымдағы жылы 102,9 млрд. теңге сомасына, 956 жаңа жұмыс орындарын құрумен 10 жобаны іске асыру жоспарланған.
АЭА пайдалануға қабылданған инфрақұрылым нысандары әркеттегі қатысушыларға инфрақұрылым қызметтерін (электр қуатын, ТЖ қызметтері) сәтті ұсынады.
«Бёмер Арматура» ЖШС, «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС,                              «Tau-KenTemir» ЖШС, «HyunwooСentralAsia» ЖШС.
2015-2016 жылы 5 жаңа компания тартылды, олар «Сарыарқа» АЭА резиденті мәртебесін алған. Жаңа жобалар бойынша инвестиция сомасы шамамен 98,5 млрд. теңгені құрайды, жұмыс орындары саны - 1400 адам.
1. . «SteelManufacturing» ЖШС (патрон зауытының құрылысы) инвестиция көлемі – 22,5 млрд. теңге, 164 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Жобаны ЖСҚ әзірленген, мемлекеттік сараптама алынды. Құрылыс – монтаж жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда жер және свай – іргетас жұмыстары аяқталды, қабырғаларды және аралықтарды ішінара көтеру жұмыстары басталды. Құрылыс – монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
2. «Seven refractories Asia» ЖШС –(өртке төзімді материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысы) инвестиция көлемі (өз қаражаты) – 1706 млн. теңге, 50 жұмыс орындарын құру жоспарланған.  Ғимарат 90% аяқталды. Осы келесі негізгі жұмыстар жүргізілуде:  желдету жүйесіне монтаж, БРБ жабдықтау, ӘТК электр – монтаж жұмыстары, ӘТК едендерін құюға әзірлеу, сыртқы металлқұрылымдарды жинау және монтаж.
3. «Завод ЭкоЛампа» ЖШС (ауладағы жарықдиодты шам – шырақтар өндірісі) инвестиция көлемі – 132 млн. тг., 10 жаңа жүмыс орындарын құру жоспарланған. Өндірістік үй-жайлар жөнделді.  Жабдықтар сатып алынды. Жабдыққа монтаж және іске қосу – күйге келтіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорында 2 тәжірибелі үлгілері (шамдар) жасап шығарылды, олар Алматы қаласындағы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-на сараптамаға жолданды.
4. «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС (ферросиликоаллюминий өндірісі), жобаның құны – 73 011 млн. тг., 1145 жүмыс орындарын құру жоспарланған, іске асыру кезеңі 2012-2018 жж. Қазақстанның даму банкі арқылы қаржыландыру алу барысында.
5. «Өтеміс LTD» ЖШС (полимербетон құрылымдар өндірісі), жобаның құны – 1 200 млн. тг., 102 жұмыс орындары құру жоспарланған, іске асыру кезеңі 2016-2017 жж. ЖСҚ әзірлеу. АЭА қатысушысының сертификаты алынды.
«Сарыарқа» АЭА қызмет етудің барлық кезеңінде салынған инвестициялар көлемі 17,1 млрд. теңгені немесе инфрақұрылымға салынған қаражаттың 74,9% құрады. Өндірілген өнім көлемі 20,5 млрд. теңгені құрады. 544 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Индустрияландыру және инвестициялар саласында Қазақтан – Қытай ынтымақтастығы аясында жобаларды іске асыру бөлігінде жұмыс жалғасуда.
Облыстан жалпы сомасы 973,0 млрд. теңгеге, шамамен 3 мыңна астам жұмыс орындарын құрумен жоғары инновациялық құрылымы бар 2 жоба енгізілді.
1. Қазақстан Республикасында көмірді қайта өңдеу бойынша кешен құрылысы;
2. «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді қорытпалар зауытының құрылысы;


Размещение информации: 23 Декабря 2016 16:46
Последнее редактирование информации: 23 Декабря 2016 16:46


Опрос

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
© 2015 ГУ «Управления Промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»