Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы

Информация

2017 жылдың 3 ай қорытындылары

Ағымдағы жылдың қаңтар – наурыз айларында облыс бойынша өндіріс көлемі 522,0 млрд. тенгені, нақты көлем индексі – 105,4% құрайды.
Анықтамалық.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында қолданыстағы бағалар бойынша облыста өндіріс көлемі 522,0 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен 126,0% құрайды (414,2 млрд. теңге).
Тау – кен өндіруші және карьерді барлау өнеркәсібінде нақты көлем индексі 116,5% немесе 70,2 млрд. теңгені құрады.
Көмір және лигнит өндіру - 19,1%-ға, темір кендерін өндіру – 20,3%-ға, түсті металл кендерін өндіру – 6,0%-ға, тау-кен өндіруші өнеркәсіп саласында – 34,9%, тау-кен өндіруші өнеркәсіп саласында техникалық қызметтер көлемі 2,6 есеге артты.
Өңдеуші  өнеркәсіпте өндіріс көлемі 388,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 103,5% құрады.
Өңдеуші өндіріс арасында жеңіл өнеркәсіпте (24,0%-ға), фармацевтикада (41,4%-ға), резеңке және платсмасс бұйымдар өндірісінде (28,1%-ға), өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде (13,4%-ға), қара металлургия өндірісінде (7,1%-ға), түсті металлургияда (4,0%-ға), машина жасау саласында (30,%-ға) өсу байқалды.
Сонымен қатар тамақ өнімдері өндірісі (2,9%-ға)  төмендеді
Ағымдағы жылдың қаңтар – наурыз айларында өндіріс көлемі:
-тамақ өнімі өндірісінің көлемі 23,6 млрд. теңгені, НКИ-97,1% құрайды.
Төмендеу «Евразиан Фудс» АҚ-да маргарин (13,1%-ға), ИП «Эфес Казахстан» АҚ-да  сыра (10,8%-ға), сонымен қатар облыстың шағын кәсіпорындарында нан-тоқаш, шұжық бұйымдары өндірісінің қысқаруымен шартталады.
Электрмен қамтуда, газ жеткізуде, бу және ауа кондициялауда нақты көлем индексі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7 % немесе 56,4 млрд. теңгені құрады. 
Сумен қамтуда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен таратуды бақылауда нақты көлем индексі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,8% немесе 6,6 млрд. теңгені құрады.
Өңірлер қимасында:
Облыстың 18 өңірінде 2-уінде төмендеу байқалды.
Өндірістің төмендеу келесі өңірлерде байқалады:
- Сәтпаевта НКИ 64,9% құрады. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қызметтеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты, «Казахмыс Мейтенанс Сервисиз» ЖШС-де машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызметтердің көлемі төмендеді (52,7%-ға).
- Жаңаарқа ауданында НКИ 93,0% құрайды. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің «Жомарт» кенішінде сұраныстың азаюына байланысты, мыс кенін өндіру көлемі (1,9%), сонымен қатар тарифтердің төмендеуіне байланысты (бір киловат үшін 18,4 теңгеден 13,8 теңгеге дейін) , электр қуатын өндіру, тарату және бөлу бойынша қызметтердің көлемі төменді (44,6%-ға).
Кәсіпкерлікті қолдау картасы
Кәсіпкерлікті қолдау картасына Қарағанды облысынан бүгінгі таңда 672,6  млрд. теңге сомасына, 10 203 жаңа жұмыс орындарын құрумен 98 жоба енгізілді.
Соның ішінде республикалық Картаға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жобасы енген.
Облыстың барлық 18 өңірі Кәсіпкерлік қолдау картасына картасына ұсынылған.
Өңірлік картаға – жалпы сомасы 539,1 млрд. теңге болатын, 9 169 жаңа жұмыс орындарын құрумен 97 жоба енген.
Карта аясында бүгінгі таңда жалпы сомасы 245 млрд. теңге болатын 78 жоба жүзеге асырылған. Кәсіпорындарда 6201 жаңа жұмыс орындары құрылған.
1. Бірінші бесжылдықта 2010-2014 жж. – 123 млрд. теңгеге, 4596 жаңа жұмыс орындарын құрумен 58 жоба іске қосылды.
2. Екінші бесжылдық 2015-2019 жж. 121,9 млрд. теңгеге, 1605 жаңа жұмыс орындарын құрумен 20 жоба іске қосылды.
Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру облыста машинажасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК салаларында жаңа өнім түрлерінің өндірісін құруға мүмкіндік береді.
2010 жылдан бастап 2017 жылдың наурызына дейін Картаның іске қосылған жобаларымен жалпы сомасы 470,4 млрд. теңгеге, соның ішінде 2017 жылғы 1 тоқсанда – 37,9 млдр. теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді.
- 2010 ж. – 3,5 млрд. теңге (808 жұмыс орны);
- 2011 ж. – 22,4 млрд. теңге (1214 жұмыс орны);
- 2012 ж. – 37,1 млрд. теңге (935 жұмыс орны);
- 2013 ж. – 63,8 млрд. теңге (455 жұмыс орны);
- 2014 ж. – 73,1 млрд. теңге (1184 жұмыс орны);
- 2015 ж. – 91,2 млрд. теңге (649 жұмыс орны);
- 2016 ж.–  141,4 млрд. теңге (956 жұмыс орны).
- 2017 жылдың  І тоқсанында – 37,9  млрд.теңге
Облыстың 2015-2019 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 549,5 млрд. теңгеге, 5607 жаңа жұмыс орындарын құрумен 40 жоба енген.
Соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 102,9 млрд.теңгеге, 956 жаңа жұмыс орындарын құрумен 10 жоба жүзеге асырылды.
2017 жылы жалпы сомасы 6,1 млрд. теңге болатын, 376 жұмыс орындарын құрумен 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның ішінде 2017 жылдың І жарты жылдығында:
- «КазГазоБлок» ЖШС-нің жылу блоктарының өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу. Жобаның құны 1,4 млрд. теңге, 68 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы-150 000м³;
- «Seven Refractories Asia» ЖШС өртке қарсы материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу. Жобаның құны 1,7 млрд. теңге, 51 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы-38 мың тонна;
- «Волынка» ЖШС шұжық цехінің құрылысын салу. Жобаның құны 900 млн. теңге, 40 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы- 3,6 мың тонна.
2017 жылдың ІІ жарты жылдығында:
- «Эдванс Майнинг Технолоджи» ЖШС-нің SX EW тәсілімен мысты шоғырлы сілтісіздендіру үшін тәжірибелі зауыт құрылысын салу. Жобаның құны 513 млн. теңге, 17 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы-300 тонна.
- «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС макулатураны қайта өңдеу және целлюлоза өндірісі бойынша өндірісті ұйымдастыру. Жобаның құны 1,6 млн. теңге, 200 жұмыс орындарын құрумен. Жобалық қуаттылығы -7000 тонна;
2017 жылға жоспарланған жобалардың ішінде «Seven Refractories Asia» ЖШС-нің өртке қарсы материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу бойынша жобаны атап өту қажет. Жобамен «Сарыарка» АЭА аумағында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін және бәсекелестік сапаларға ие болатын монолитті өртке қарсы жоғары сапалы қалдықсыз өндіріс қарастырылған. Зауыт шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асырылады (Австрия).
Көкейтестендірілген Карта аясында 2017 жылы іске қосу мерзімімен 2 жоба қосымша қарастырылуда:
- Recycling Company ЖШС істен шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылығының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар қорытпаларының өндірісі, көмірсутектер және олардың туындыларының өндірісі. Жобаның құны 3,4 млрд. теңге, 52 жұмыс орындарын құрумен;
- «Инкар-I» ЖШС-нің жинау цехінің құрылысын салу. Жобаның құны 100,7 млрд. теңге, 10 жұмыс орны.
Демек, іске қосылатын жобалар санын 2017 жылдың аяғына дейін 7-ге дейін арттыру жоспарланған.
2018-2020 жылдарда Кәсіпкерлік қолдау картасы аясында 421,3 млрд. теңгеге, 3626 жұмыс орындарын құрумен 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Инвестицияларды тартуға қатысты
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2017 жылдың қаңтар – наурыз аралығында 46 334 млн. теңге  немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,7% құрайды.
Солардың ішінде 87,1% (40 347 млн. теңге) – кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, 5,8% (2 690 млн. теңге) – бюджеттік қаражат, 5,1% (2 340 млн. теңге) – банк несиелері, 2,1% (957 млн. теңге) – басқа қарыз қаражат есебінен.
Өңірлер қимасында
Қарағанды (42,6 %-ға), Жезқазған (41,8%-ға),  Қаражал (13,8%-ға),  Шахтинск (39,5%-ға) қалаларында, сонымен қатар Абай (41,6%-ға), Бұқар жырау (0,3%-ға) төмендеу анықталды.
Қарағанды қаласында негізгі капиталған инвестиция көлемі 10 653,9 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,4% құрайды. Инвестиция көлемінің төмендеуі "Караганда Энергоцентр" ЖШС (машиналар және жабдықтар, ҚМЖ), «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (ҚМЖ) есебінен түсіндіріледі.
Жезқазған қаласында негізгі капиталға инвестиция көлемі 667,9 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,2% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі "KAZAKHMYS ENERGY"  ЖШС (күрделі жөндеу) есебінен түсіндіріледі. 
Қаражал қаласында негізгі капиталға инвестиция көлемі 662,9 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,2% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі "Жайрем ТКБК"  ЖШС (ҚМЖ) есебінен түсіндіріледі. 
Шахтинск қаласында негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 801,6 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі " АрселорМиттал Темиртау "  АҚ (машиналар және жабдықтар) есебінен түсіндіріледі. 
Абай ауданында негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 115,4 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,4% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі            "ҚР АШМ су ресурстары бойынша комитет"  РММ (қмж) есебінен түсіндіріледі. 
Бұқар жырау ауданында негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 753,7 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,7% құрайды.
Жалпы облыс бойынша 6 өңірде инвестиция көлемдерінің орындалмауы «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Казахмыс Энерджи» ЖШС, «Жайрем ТКБК» АҚ,  "ҚР АШМ су ресурстары бойынша комитет"  РММ кәсіпорындары салдарынан байқалады.
Негізгі капиталға инвестицияларды пайдалану бағыттары бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестициялар электрмен қамтуда, газ жеткізуде, бу және ауа кондициялауда 95,9 %-ға (350 млн.теңге), білім беру  84,6%-ға (119,8 млн.теңге), мемлекеттік басқаруға, қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге 77%-ға (62 млн.теңге), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге 73,5%-ға (315 млн.теңге), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке 69,3%-ға (49,3 млн. теңге); сумен қамту және кәріз жүйесі 68,1%-ға (437,2 млн. теңге),  ақпарат және байланыс қызметіне 33%-ға (117 млн.теңге), өнер, ойын-сауық және демалысқа 26,7% (308,3 млн. теңге); тұру және тамақтану бойынша қызметтерге 19,8%-ға (221,3 млн. теңге); қаржылық және сақтандыру қызметіне  4,6%-ға (150,9 млн.теңге), өзге қызмет түрлерін ұсыну 65%-ға (38,7 млн. теңге) теңге.
Өнеркәсіпке инвестиция көлемі 30 110,2 млн. теңге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102%.құрайды.
Өнеркәсіпке облыстық инвестиция көлемінің үлесі Теміртау (29,4%), Сәтпаев (20%), Шахтинск (8,5%), Сәтпаев (7,4%), Қарағанды (7,3%), Сәтпаев (6%) қалаларында, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында (4,7%), Шет ауданында (3,6%), Нұра ауданында (4,4%) игерілген.
Айдың қорытындылары бойынша өнеркәсіпке шетелдік инвестиция жасау Қарағанды қаласында (5,3 млн.теңге), Балқаш (349 млн.теңге), Ақтоғай ауданында (9,0 млн.теңге), Бұқар жырау ауданында  (375,5 млн.теңге) байқалды.
Өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 18
415,2 млн. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артты.
Өңірлер қимасында
Жалпы облыс бойынша 2 өңірде  өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады. Бұл Саран қаласы (15,2%-ға) және Ақтоғай ауданы (48,6%-ға).
Қарағанды қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 659,4 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,6% құрайды.
Балқаш қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 1 278,8 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 есе құрайды.
Жезқазған қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 91 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 құрайды.
Саран қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 38,6 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,8% құрайды.
Сәтпаев қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 5 978,3 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есені құрайды.
Теміртау қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 8 735,4 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есені құрайды.
Шахтинск қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 24,2 млн. теңгені құрайды.  2016 жылдың қаңтар – наурыз айларында көлемдер жоқ.
Абай ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 119,7 млн. теңгені құрайды. 2016 жылдың қаңтар – наурыз айларында көлемдер жоқ.
Ақтоғай ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 29,9 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,4 есені құрайды.
Бұқар жырау ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 926,2 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 есеге құрайды.
Жаңаарқа ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 443,5 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103% есені құрайды.
Қарқаралы ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 90,2 млн. теңгені құрайды. 2016 жылдың қаңтар – наурыз айларында көлемдер жоқ.
АЭА инфрақұрылымының негізгі инфрақұрылым нысандарының құрылысы  аяқталды (энергиямен қамту, темір жол және темір жол станциясы, автомобиль жолдары, әкімшілік орталық, өрт сөндіру депосы, сумен қамту және кәріз желісі мен құрылыстар).
«Сарыарқа» АЭА» инфрақұрылым құрылысының сметалық құны 25,5 млрд. теңгені құрайды.
Республикалық бюджеттен 24 803,7 млн. теңге бөлінді:
 2007 жылдан 2010 жылға дейін - 21 462,5 млн. теңге.
 2013 жылы  - 2 420, 2 млн. теңге.
  2014 жылы - 921 млн. теңге.
Сонымен қатар, 2014 жылы облыстық бюджеттен 102 млн. теңге, 2015 жылы 268,9 млн. теңге сомасында қосымша қаржыландыру жүргізілді.
2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша инфрақұрылым нысандарының құрылысын салуға 23 297,9 млн. теңге немесе республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың 92,5% жолданды.
Бүгінгі таңда, АЭА қатысушы мәртебесін 11 компания алған.
Қолданыстағы жобалар – 4 кәсіпорын:
«Бёмер Арматура» ЖШС  - 2014 жылдың маусымында пайдалануға қабылданды,  дөңгелек шүмек және тығын арматура өндірісі, салынған инвестициялар көлемі  - 3100 млн. теңге., жұмыс орындары - 50 адам.
«Изоплюс Центральная Азия» ЖШС – 2014 жылдың маусымында пайдалануға қабылданды, жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі, салынған инвестиция көлемі– 1900 млн. теңге, жұмыс орындары – 69 адам.
«Tau-KenTemir» ЖШС – Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қазандағы №95 Жарлығына сәйкес «Сарыарқа» АЭА аумағы  «Tau-KenTemir» ЖШС Кремний зауыты аумағының субаймақтың қосылу есебінен кеңейтілген, металл кремний өндірісі, салынған инвестициялар көлемі – 4415,6 млн. теңге, жұмыс орны - 374 адам.
«HyunwooСentralAsia» ЖШС – 2015 жылдың 31 желтоқсанында пайдалануға қабылданды,  жылу оқшаулағыш құбырлар және ППУ оқшауланған пішінді бұйымдар өндірісі, салынған инвестициялар көлемі 1414 млн. теңге, жұмыс орындар саны – 15 адам.
Жүзеге асырылу барысында - 4 жоба:
1. «SteelManufacturing» ЖШС (патрон зауытының құрылысы) инвестиция көлемі – 22,5 млрд. теңге, 164 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Құрылыс – монтаж жұмыстары кестеге сәйкесжүргізілуде.
2. «Seven refractories Asia» ЖШС –(өртке төзімді материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысы) инвестиция көлемі (өз қаражаты) – 1706 млн. теңге, 50 жұмыс орындарын құру жоспарланған.  Құрылыс – монтаж жұмыстары аяқталу барысында.
3. «Завод ЭкоЛампа» ЖШС (ауладағы жарықдиодты шам – шырақтар өндірісі) инвестиция көлемі – 132 млн. тг., 10 жаңа жүмыс орындарын құру жоспарланған. Жабдыққа монтаж және іске қосу – күйге келтіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорында 2 тәжірибелі үлгі (шам) жасалды және сараптама жүргізу үшін Алматы қаласына «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-на жолданды. 
5. «Өтеміс LTD» ЖШС (полимербетон құрылымдар өндірісі), жобаның құны – 1 200 млн. тг., 128 жұмыс орындары құру жоспарланған, іске асыру кезеңі 2016-2017 жж. ЖСҚ әзірленді. Құрылыс басталды.
Жүзеге асырыла бастаған – 2 жоба:
1. «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС (ферросиликоаллюминий өндірісі), жобаның құны – 83,7 млрд. тг., 1145 жүмыс орындарын құру жоспарланған
2. «Техно-НИКОЛЬ» ЖШС «Тасты мақта және экструзионногопенополистирол негізінде гидрооқшаулағыш және жылуоқшаулағыш материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысын салуә жобасы, құны 17,5 млрд. теңге,  250 жұмыс орындарын құрумен.
2017 жылы тіркелген – 1 жоба:
«RecyclingCompany» ЖШС «Пайдаланудан шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылық машиналарының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий өндірісі,  көмірсутек және ілеспе өнімдер өндірісі», жобаның құны 3,4 млрд. теңге, 70 жұмыс орындарын құрумен;
Инвестицияларды тарту және инвестициялық  ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңесінің жұмысы
2016 жылдың 27 сәуірінде Инвесторлар кеңесінің бірінші отырысы өтті, онда Қарағанды облысына инвестицияларды тарту бйоынша негізгі бағыттар қарастырылған.
А.ж. 15 ақпанында Кеңестің отырысы өтіп, Қарағанды облысына инвестицияларды тарту стратегиясы қабылданды.
Қазақстан – Қытай жобалары
Индустрияландыру және инвкстициялар саласында Қазақтан – Қытай ынтымақтастығы аясында жобаларды іске асыру бөлігінде жұмыс жалғасуда.
Облыстан жалпы сомасы 973,0 млрд. теңгеге, шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орындарын құрумен жоғары инновациялық құрылымы бар 2 жоба енгізілді.
1. Қазақстан Республикасында көмірді қайта өңдеу бойынша кешен құрылысы;
2. «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді қорытпалар зауытының құрылысы;
Қазақстандық қамту
2016 жылы облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындары 483,6 млрд. теңге сомасына сатып алу жүргізді, сның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қазақстандық қамту 342,7 млрд. теңгені немесе 70,8% құрайды.
2015 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда қазақстандық қамту үлесі 0,7пайыздық тармаққа артты.
Осы көрсеткіш бойынша облыс Республикада озық орындарда.
2017 жылы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС сатып  алуларында жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторлар бекітілді.
Қазақстандық қамтуды дамыту аясында өңіраралық кооперация бойынша жұмыс атқарылуда.
2016 жылдың ішінде облыстың тауар өндірушілерінен тұратын делегацияның Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына баруы ұйымдастырылды.
Аталған сапарларға Қарағанды облысынан барлығы 70 астам кәсіпорын қатысты, олар өз өнімдерінің 50-ден астам әлеуетті тапсырушылармен келіссөз жүргізді.
Сонымен қатар ірі мұнай-газ компаниялары да шақырылды «ТенгизШевройл» ЖШС және Карачаганак Петролиум Оперейтинг.  Сапар аясында осы компаниялардың басшыларына облыстың өнеркәсіптік әлеуеті және өңірде өндірілетін тауарлар номенклатурасы таныстырылды.
Осы іс – шаралардың қорытындылары бойынша Қарағанды өңірінің тауар өндірушілері ҚР басқа облыстарының басқа ұйымдарымен 2,6 млн. теңге сомасына келісішарттар жасалды.
Құрылыс индустриясының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені жүзеге асыру үшін өнімдерін жеткізу бойынша жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысы бойынша мердігер ұйымдары Қарағанды облысының 26 кәсіпорнымен 9,4 млрд. теңге сомасына 30-дан астам шартқа қол қойылды.
2017 жылдың 16 наурызында Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алаңшасында «Жергілікті қамтуды дамыту бойынша Форум» ұйымдастырылды. Форумға өңірдегі түрлі өнеркәсіп салаларының 100-ден астам тауар өндірушілері қатысты.
Қарағанды облысының әкімдігі және «АрселорМиттал Темиртау» АҚ арасында 52,4 млрд. теңге сомасына өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылы осындай форум «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС базасында өткізу жоспарланған.
Өңіраралық кооперацияны дамыту аясында жұмыс жадғастырылады.

 


Размещение информации: 26 Апреля 2017 13:49
Последнее редактирование информации: 26 Апреля 2017 13:51


Опрос

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
© 2015 ГУ «Управления Промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»