Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы

Информация

Облысты индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру туралы 2017 жылдың қаңтар-маусым бойынша ақпарат

Өнеркәсіп

2017 жылдың 1 жарты жылдығында облыс бойынша өндіріс көлемі 1054,4  млрд. тенгені, өнеркәсіптік өнім индексі – 104,9% құрайды.
Анықтамалық.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында қолданыстағы бағалар бойынша облыста өндіріс көлемі 1054,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен (867,5 млрд. теңге) салыстырғанда 121,5%  құрайды.
Тау – кен өндіруші және карьерді барлау өнеркәсібінде нақты көлем индексі 116,3% немесе 133,9 млрд. теңгені құрады.
Көмір және лигнит өндіру – 13,3%-ға, темір кендерін өндіру – 2,1%-ға, түсті металл кендерін өндіру – 6,4%-ға, тау-кен өндіруші өнеркәсіп саласында – 8,0%, тау-кен өндіруші өнеркәсіп саласында техникалық қызметтер көлемі  3  есеге артты.
Өңдеуші  өнеркәсіпте өндіріс көлемі 811,6 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 103,4% құрады.
Өңдеуші өндіріс арасында химиялық өнім өндірісінде (18,8%-ға), фармацевтикада (29,6%-ға), қара металлургия өндірісінде (4,7%-ға), түсті металлургияда (5,9%-ға), машина жасау саласында (10,4%-ға) өсу байқалды.
Сонымен қатар тамақ өнімдері өндірісі (0,3%-ға),  жеңіл өнеркәсіп өндірісі (1%-ға), резеңке және платсмасс бұйымдар өндірісі (1,8%-ға),  өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі (4,3%-ға) төмендеді.

Анықтамалық
Ағымдағы жылдың қаңтар – маусым айларында өндіріс көлемі:
-тамақ өнімі өндірісінің көлемі 50509,2 млн. теңгені, НКИ-99,7% құрайды.
Төмендеу «Евразиан Фудс» АҚ-да маргарин (0,9%-ға), ИП «Эфес Казахстан» АҚ-да  сыра (2,5%-ға), сонымен қатар облыстың шағын кәсіпорындарында нан-тоқаш, шұжық бұйымдары өндірісінің қысқаруымен шартталады.

-жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2491,5 млн. теңгені, НКИ-99,0% құрайды.
Төмендеу «Карат» ЖШС-де тоқыма материалдар және өнімдер өндірісінің (97,7%-ға), «Temirtau Associates and Ancillaries» ЖШС, «Galex Plus» ЖШС балаларға арналған киім және басқалар (7,6%-ға), «ЕСКО» ЖШС,  «Руми-эн» ЖШС және «Тэгам» ЖШС тоқыма шұлықтар (34,1%-ға) өндірісінің қысқаруымен шартталады.

-резеңке және пластмасс өнімдер өндірісінің көлемі 9479,3 млн. теңгені, НКИ-98,2% құрайды.
Төмендеу «Жакко Караганда» ЖШС-де құбырлар және фитингілер өндірісінің (18%-ға), сонымен қатар облыс шағын кәсіпорындарында өндірістің қысқаруымен шартталады.
- өзге металл емес минералды өнім өндірісінің көлемі 11870,8 млн. теңгені, НКИ-95,7% құрайды.
Төмендеу «Nord Пром НС» ЖШС-де, «Power Beton» ЖШС-де тауарлы бетон өндірісінің (40,4%-ға), «Карцемент» АҚ-да цемент (14,2%-ға), «TAS-2006» ЖШС-де силикатты кірпіш  (42,1%-ға) өндірісінің қысқаруымен шартталады.

Электрмен қамтуда, газ жеткізуде, бу және ауа кондициялауда нақты көлем индексі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103 % немесе 95,2 млрд. теңгені құрады. 
Сумен қамтуда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен таратуды бақылауда нақты көлем индексі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,2% немесе 13,5 млрд. теңгені құрады.
Өңірлер қимасында:
Облыстың 18 өңірінде 4-уінде төмендеу байқалды.

Өндірістің төмендеу келесі өңірлерде байқалады:
- Қарағанды қаласында НКИ 99,1% құрайды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да көмір тұтынудың төмендеуіне байланысты, «Арселормиттал Теміртау» АҚ КД Костенко атындағы шахтада көмір өндірісі (11,6%-ға) төмендеді. Сонымен бірге 2016 жылдың аяғында өнімнің үлкен көлемі өндірілгендіктен, қоймаларда а.ж. 1 тоқсанында сатылмаға дайын өнімнің болуына байланысты, «Евразиан Фудс» АҚ-да маргарин өндірісі (0,9%-ға) төмендеді. Сонымен қатар 2016 жылдың қарашасында өнімнің өзіндік құны 15-20%-артты, бұл жағдайдада сатылу көлеміне ықпал етті. Өнімге сұраныстың төмендеуіне байланысты, ИП «Эфес Казахстан» АҚ-да сыра (2,5%-ға) өндірісі төмендеді. Тапсырыстың төмендеуіне байланысты (өткен жылдағыдай ЭКСПО нысандарының құрылысы сияқты ірі тапсырыстардың болмауы), «КЗМК-Имсталькон» ЖШС-де құрылысқа арналған жиналатын металл құрылымдар өндірісінің көлемі (34,8%-ға) төмендеді.
- Сәтпаевта НКИ 91,1% құрады.
«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қызметтеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты, «Казахмыс Мейтенанс Сервисиз» ЖШС-де машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызметтердің көлемі төмендеді (4,6%-ға).
- Жаңаарқа ауданында НКИ 96,1% құрайды.
«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің «Жомарт» кенішінде сұраныстың азаюына байланысты, мыс кенін өндіру көлемі (1,7%),01.05.2017 жылдан бастап 29.05.2017 жылға дейін аршу жұмыстары жүргізілгендіктен, өндіру жұмыстары жүргізілмеген, осыған орай «Сарыарка Еnergy» ЖШС-де көмір (5,9%) өндірісі төмендеді. Маусымнан бастап «Сарыарка Еnergy»  ЖШС-де көмір өндірісі қайта жанданды. Сонымен қатар 2016 жылы өңірде марганец кенін және концентратын өндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өту қажет, алайда 2016 жылдың маусымында «Арман 100» ЖШС сату нарығының болмауына және өнімге бағаның төмендеуіне байланысты қызметін тоқтатты.  
- Осакаров ауданында НКИ 92,1%  құрайды.  Оскаров-Теміртау автожолы құрылысының аяқталуымен байланысты, «АБК Автодор НС» ЖШС, «Асылсай» ЖШС, «Болашак МТ» ЖШС кәсіпорындарында қиыршықтас және құм өндірісінің көлемдері, «АБК Автодор НС» ЖШС-де тауарлы бетон өндірісінің көлемдері төмендеді.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы
Кәсіпкерлікті қолдау картасына бүгінгі таңда 755,2 млрд. теңге сомасына, 11288 жаңа жұмыс орындарын құрумен 98 жоба енгізілген.
Соның ішінде республикалық Картаға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС 2 жобасы енгізілген.
Облыстың барлық 18 өңірі Кәсіпкерлікті қолдау картасына ұсынылған. 
Өңірлік Картада – 9 109 жаңа жұмыс орындарын құрумен жалпы құны 538 млрд. теңгеге 96 жоба.
Карта аясында бүгінгі таңда 80 жоба жүзеге асырылды, жалпы инвестиция сомасы 247,9 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорындарда 6300 жаңа жұмыс орындары құрылды.
1. Бірінші  бесжылдық 2010-2014 жж. – 4596 жаңа жұмыс орындар құрумен 123 млрд. теңге сомасына 58 жоба іске қосылды.
2. Екінші  бесжылдық 2015-2019 жж. 1704 жаңа жұмыс орындарын құрумен 124,9 млрд. теңге сомасына 22 жоба іске қосылды.
Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру облыста машинажасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК салаларында жаңа өнім түрлерінің өндірісін құруға мүмкіндік береді.
2010 жылдан бастап 2017 жылдың маусымына дейін Картаның іске қосылған жобаларымен жалпы сомасы 516,1 млрд. теңгеге, соның ішінде 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында  – 83,6 млдр. теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді.
- 2010 ж. – 3,5 млрд. теңге (808 жұмыс орны);
- 2011 ж. – 22,4 млрд. теңге (1214 жұмыс орны);
- 2012 ж. – 37,1 млрд. теңге (935 жұмыс орны);
- 2013 ж. – 63,8 млрд. теңге (455 жұмыс орны);
- 2014 ж. – 73,1 млрд. теңге (1184 жұмыс орны);
- 2015 ж. – 91,2 млрд. теңге (649 жұмыс орны);
- 2016 ж.–  141,4 млрд. теңге (956 жұмыс орны);
- 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында – 83,6 млрд. теңге (159 жұмыс орны).
Іске қосылған жобалардың 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында жоспарлы қуаттылықты игеруі келесідей:
- 69 жоба  жоспарлы қуаттылықты 70%-дан 100%-ға дейін игерген.
- 2 жоба жоспарлы қуаттылықты 50%-дан игерген.
6 жоба бойынша 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында өнім шығару жоспарланбаған. 3 жоба маусымның аяғында, шідденің басында іске қосылған.
Облыстың 2015-2019 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 632,2 млрд. теңгеге, 6692 жаңа жұмыс орындарын құрумен 40 жоба енген.
Соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 102,9 млрд.теңгеге, 956 жаңа жұмыс орындарын құрумен 10 жоба жүзеге асырылды.
2017 жылы  5,6 млрд. теңге сомасына, 376 жұмыс орнын құрумен 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның ішінде бүгінгі таңда 3 жоба іске қосылды:
- 2017 жылғы 21 маусымда – «Волынка» ЖШС-нің шұжық цехінің құрылысын салу. Жобаның құны 320 млн. теңге, 40 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаттылығы - 3,6 мың тонна;
- 2017 жылғы 29 маусымда – «Seven Refractories Asia» ЖШС – отқа төзімді материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу. Жобаның құны – 1,7 млрд. теңге, 51 жұмыс орындары құрылған.  Жобалық қуаттылығы – 38 мың тонна;
- 2017 жылғы 5 шілдеде - «КазГазоБлок» ЖШС-нің жылу блоктарының өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу. Жобаның құны 1,4 млрд. теңге, 68 жұмыс орны құрылады. Жобаның қуаттылығы 150 000 м3 ;
2 жобаны жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарланған:
- "Эдванс Майнинг Технолоджи" ЖШС-нің SX EW әдісімен мысты шоғырлы сілтісіздендіру үшін тәжірибелі зауыт құрылысын салу.жобаның құны 513 млн. теңге, 17 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы - 300 тонна;
- «Қарағанды целлюлоза – қағаз комбинаты» ЖШС макулатураны қайта өңдеу және целлюлоза өндірісін ұйымдастыру. Жобаның құны 1,6 млн. теңге, 200 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 7000 тонна.
2017 жылы іске қосылған жобалардың ішінен «Seven Refractories Asia» ЖШС-нің отқа төзімді материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу бойынша жобаны атап өтуге болады. Жобамен «Сарыарқа» АЭА аумағында монолитті отқа төзімді материалдардың қалдықсыз жоғары технологиялық өндірісі қарастырылған. Олар әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және бәсекеге қабілетті сапаларға ие. Зауыт құрылысы тікелей шетелдік инвестициялар (Австрия) есебінен жүзеге асырылуда.
Картаны көкейтестендіру аясында 2017 жылы іске қосумен 4 жоба қосымша қарастырған:
- «Recycling Company» ЖШС-нің істен шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылығының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар қорытпаларының өндірісі. Жобаның құны- 3,4 млрд.  теңге, жұмыс орындар саны -  52.
- «Самға» ЖШС темір-бетон құрылымдар зауытын жаңғырту, құны– 240 млн.теңге, жұмыс орындар саны – 30;
- «Инкар-I» ЖШС-нің жинау цехінің құрылысын салу, құны – 100,7 млн. теңге, жұмыс орындар саны – 10;
- «Эберман А.В.» ЖК «TRIKSAT» тоқыма цехін кеңейту және жаңғырту, құны – 46 млн. теңге, жұмыс орындар саны – 15.
2018-2020 жылдарда Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 4 771 жұмыс орнын құрумен 505,6 млрд. теңге сомасына 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Инвестицияларды тарту
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2017 жылдың қаңтар – маусым аралығында 122,1 млрд. теңгені  немесе өткен жылмен салыстырғанда 91,6% құрайды.
Солардың ішінде 76,4% (93 358,6 млн. теңге) – кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, 16,2% (19 810,4 млн. теңге) – бюджеттік қаражат, 4,7% (5 748 млн. теңге) – банк несиелері, 2,6% (3 202,2 млн. теңге) – басқа қарыз қаражат есебінен.
Өңірлер қимасында
Қарағанды (27%-ға), Қаражал (15,6%-ға),  Шахтинск (39,5%-ға), Теміртау (24,9%-ға), Шахтинск (26,8%-ға) қалаларында, сонымен қатар Абай (27,6%-ға), Қарқаралы (71,4%-ға) және Осакаров (59,9%-ға) аудандарында төмендеу анықталды.
Қарағанды қаласында негізгі капиталған инвестиция көлемі 30544,4 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,0% құрайды. Инвестиция көлемінің төмендеуі "Караганда Энергоцентр" ЖШС (машиналар және жабдықтар, ҚМЖ), «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (ҚМЖ), «Билком» ЖШС (машиналар және жабдықтар) есебінен түсіндіріледі.
Қаражал қаласында негізгі капиталға инвестиция көлемі 1979,8 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,4% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі «Оркен»  ЖШС «Оркен-атасу» ӨБ (ҚМЖ) есебінен түсіндіріледі. 
Теміртау қаласында негізгі капиталға инвестиция көлемі 17755,4 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75,1% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі "АрселорМиттал Темиртау"  АҚ (машиналар және жабдықтар), «Казэнергомаш" Корпорациясы» ЖШС (қмж)   есебінен түсіндіріледі. 
Шахтинск қаласында негізгі капиталға инвестиция көлемі 3273,6 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,2% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі "АрселорМиттал Темиртау "  АҚ (машиналар және жабдықтар) есебінен түсіндіріледі. 
Абай ауданында негізгі капиталға инвестиция көлемі 3609,6 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,4% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі "ҚР АШМ су ресурстары бойынша комитет"  РММ (қмж), "АрселорМиттал Темиртау "  АҚ (машиналар және жабдықтар)  есебінен түсіндіріледі. 
Қарқаралы ауданында негізгі капиталға инвестиция көлемі 3400,8 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі " Алтай Полиметаллы"  ЖШС (машиналар және жабдықтар), «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС ф-лы-"Карагандацветмет" ӨБ (машиналар және жабдықтар)  есебінен түсіндіріледі. 
Қарқаралы ауданында негізгі капиталға инвестиция көлемі 2 274,54 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,1% құрайды. Инвестиция көлемдерінің төмендеуі «Қазавтожол» Ұлттық компания» АҚ Қарағанды ф-лы (қмж)   есебінен түсіндіріледі. 

Жалпы облыс бойынша 7 өңірде инвестиция көлемдерінің орындалмауы «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Билком» ЖШС, «Оркен» ЖШС «Оркен-Атасу» ӨБ, «Корпорация Казэнергомаш» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ,  "ҚР АШМ су ресурстары бойынша комитет"  РММ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС «Жезказганцветмет» ӨБ, «Қазавтожол» Ұлттық компания» АҚ Қарағанды ф-лы кәсіпорындары салдарынан байқалады.
Негізгі капиталға инвестицияларды пайдалану бағыттары бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестициялар кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке 67,3%-ға; білім беру  61,9%-ға, қаржылық және сақтандыру қызметіне  56,8%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге 40,6%-ға, тұру және тамақтану бойынша қызметтерге 31,4%-ға; ақпарат және байланыс қызметіне 24,5%-ға, өзге қызмет түрлерін көрсету 19,7%-ға, көлік және қоймалау 15,1%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар 0,3%-ғатөмендеу байқалады.
Өнеркәсіпке инвестиция көлемі 73,7 млн. теңге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88%.құрайды.
Өнеркәсіпке облыстық инвестиция көлемінің үлесі Теміртау (20,4%), Қарағанды (14,0%), Сәтпаев (11,7%) қалаларында, Бұқар жырау ауданында (8,8%), Балқаш (8,6%), Жезқазған (4,6%), Қарқаралы ауданында (4,5%), Шет ауданында (4,4%), Шахтинск (4,3%) қаласында игерілген.
Айдың қорытындылары бойынша өнеркәсіпке шетелдік инвестиция жасау Қарағанды қаласында (5,3 млн.теңге), Балқаш (793,7 млн.теңге), Ақтоғай ауданында (9,0 млн.теңге), Бұқар жырау ауданында  (375,5 млн.теңге) байқалды.
Өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 38,3 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 127,6%.
Өңірлер қимасында.
Жалпы облыс бойынша 3 өңірде  өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады. Бұл Приозреск (81,2%-ға) және  Теміртау  қалалары (12%-ға) және Жаңаарқа ауданы (19,4%-ға).
Қарағанды қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 2 2123 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105% құрайды.
Балқаш қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 3 033,3 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 186,7% құрайды.
Жезқазған қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 2556,3 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% құрайды.
Приозерск қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 0,07 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8% құрайды.
Саран қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 798,7 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 есе.
Сәтпаев қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 8181,5 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе.
Теміртау қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 14 819,8 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88% құрайды.
Шахтинск қаласында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 59 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,5 есе.
Абай ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 166 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145 есе.
Ақтоғай ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 491,2 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121,5% құрайды.
Бұқар жырау ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 3 381,3 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 143% құрайды.
Жаңаарқа ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 1 391,2 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,6% құрайды.
Қарқаралы ауданында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 602,5 млн. теңгені құрайды. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында өнім өндірілген жоқ.

Арнайы экономикалық аймақ
АЭА инфрақұрылымының негізгі инфрақұрылым нысандарының құрылысы  аяқталды (энергиямен қамту, темір жол және темір жол станциясы, автомобиль жолдары, әкімшілік орталық, өрт сөндіру депосы, сумен қамту және кәріз желісі мен құрылыстар).
«Сарыарқа» АЭА» инфрақұрылым құрылысының сметалық құны 25,5 млрд. теңгені құрайды.
Республикалық бюджеттен 24 803,7 млн. теңге бөлінді:
2007 жылдан 2010 жылға дейін - 21 462,5 млн. теңге.
2013 жылы  - 2 420, 2 млн. теңге.
2014 жылы - 921 млн. теңге.
Сонымен қатар, 2014 жылы облыстық бюджеттен 102 млн. теңге, 2015 жылы 268,9 млн. теңге сомасында қосымша қаржыландыру жүргізілді.
2017 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша инфрақұрылым нысандарының құрылысын салуға 23 297,9 млн. теңге немесе республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың 92,5% жолданды.
Бүгінгі таңда, АЭА қатысушы мәртебесін 11 компания алған.
АЭА әрекеттегі қатысушылары – 5 кәсіпорын;
«Бёмер Арматура» ЖШС -  дөңгелек шүмек және тығын арматура өндірісі, салынған инвестициялар көлемі (өз қаражаты) – 3,1 млрд. теңге, жұмыс орындары - 50 адам.
«Изоплюс Центральная Азия» ЖШС – жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі, салынған инвестиция көлемі (өз қаражаты) – 1900 млн. теңге, жұмыс орындары – 69 адам.
«Tau-KenTemir» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қазандағы №95 Жарлығына сәйкес «Сарыарқа» АЭА аумағы «Tau-KenTemir» ЖШС Кремний зауытының аумағының субаймағын қосу есебінен кеңейтілген. Металлургиялық кремний өндірісі, салынған инвестициялар көлемі– 4415,6  млн. теңге, 374 жұмыс орындары құрылды.
«HyunwooСentralAsia» ЖШС – 2015 жылдың желтоқсанында пайдалануға қабылданды, жылу оқшаулағыш құбырлар және ППУ оқшауланған пішінді бұйымдар өндірісі, салынған инвестициялар көлемі 1414 млн. теңге, жұмыс орындар саны – 15 адам.
«Seven refractories Asia» ЖШС – 2017 жылдың маусымында пайдалануға қабылданды, отқа төзімді материалдар өндірісі, инвестиция көлемі (өз қаражаты) – 1706 млрн. теңге, 34 жұмыс орындары құрылған.  Сынама өнім шығарылды.
Жүзеге асырылып жатқан жобалар – 4 жоба:
1. «SteelManufacturing» ЖШС (патрон зауытының құрылысы) инвестиция көлемі – 22,5 млрд. теңге (, 164 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде.
2. «Завод ЭкоЛампа» ЖШС (ауладағы жарықдиодты шам – шырақтар өндірісі) инвестиция көлемі – 132 млн. тг., 10 жаңа жүмыс орындарын құру жоспарланған. Өндірістік үй-жайлар жөнделді.  Жабдықтар сатып алынды. Жабдыққа монтаж және іске қосу – күйге келтіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорында 2 тәжірибелі үлгілер жасалды. Еуразиялық одақтың электротехникалық бұйымдар сәйкестігінің сертификаты алынды.
3. «Өтеміс LTD» ЖШС (полимербетон құрылымдар өндірісі), жобаның құны – 1200  млн. тг., 128 жұмыс орындары құру жоспарланған. ЖСҚ әзірленген. Құрылыс басталды. Жоспарланған іске қосу мерзімі – 2016-2017 жыл. 
4. «Recycling Company» ЖШС (істен шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылығының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар қорытпаларының өндірісі), инвестициялар – 3,4 млрд.  теңге, 70 жұмыс орындар саны. Құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде. Іске осу мерзімі -  2017 жылғы қараша;
Жүзеге асырыла бастамаған жобалар – 2 жоба
1. «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС (ферросиликоаллюминий өндірісі), жобаның құны– 83,7 млрд. тг., 1 145 жұмыс орындарын құру жоспарланған.
2. «Техно-НИКОЛЬ» ЖШС «Тасты мақта және экструзиялық пенополистирол негізінде гидрооқшаулағыш және жылу оқшаулағыш өндірісі бойынша зауыт құрылысы», құны 17,5 млрд. теңге, 250 жұмыс орындарын құрумен.
Инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру үшін Елбасының тапсырмасы аясында  Инвестицияларды тарту және инвестициялық  ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңес құрылды.
Облыс әкімідігі жанындағы Инвестицияларды тарту жөніндегі Кеңес қолайлы инвестициялық ахуалды құру, инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты Қарағанды облысының аумағында өндірістік қуаттылықтарды орналастыру мәселелерін алдын ала қарастыру мақсатында құрылған Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңес беру органы болып табылады.
Инвесторлар Кеңесінің бірінші отырысы 2017 жылдың 27 сәуірінде өтті, Қарағанды облысына инвестицияларды тартудың негізгі бағыттары қарастырылады.
А.ж. 15 ақпанында Кеңестің отырысы өтті, онда Қарағанды облысына инвестицияларды тарту Стратегиясы қабылданды.
Қазақстан – Қытай жобалары
Индустрияландыру және инвкстициялар саласында Қазақтан – Қытай ынтымақтастығы аясында жобаларды іске асыру бөлігінде жұмыс жалғасуда.
Облыстан жалпы сомасы 902,7 млрд. теңгеге, шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орындарын құрумен жоғары инновациялық құрылымы бар 2 жоба енгізілді.
1. Қазақстан Республикасында көмірді қайта өңдеу бойынша кешен құрылысы;
2. «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді қорытпалар зауытының құрылысы;
Қазақстандық қамту
2017 жылдың 1 тоқсанында облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындары 98,3 млрд. теңге сомасына сатып алу жүргізді, сның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қазақстандық қамту 69,1 млрд. теңгені немесе 70,3% құрайды.
2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындыларымен салыстырғанда қазақстандық қамту үлесі 3,9 пайыздық тармаққа артты.
 


 


Размещение информации: 06 Ноября 2017 10:34
Последнее редактирование информации: 06 Ноября 2017 10:35


Опрос

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
© 2015 ГУ «Управления Промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»